24.02.2016, 12:23
Оқылды: 33

Өңіріміздегі дәрігерлер тапшылығы 56 маманды құрайды

Akimm555   Облысымызда дәрігерлер тапшылығы 56 маманды құрайды. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 46 маманға аз (2014 ж. – 102 маман).

2015 жылы облыс бойынша 87 жас маман жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 54 (немесе 62,1%) ауылдық жерлерге жіберілді.


Дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 10 мың адамға 24,9-ды құрайды (1577 адам), орта медициналық персонал – 89,8 (5685 адам).

Қызметтік тұрғын үймен 14 жас маман қамтамасыз етілсе, соның ішінде 9-ы ауылдық жерлерде, 5-еуі Орал қаласында.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале