7.06.2016, 18:45
Оқылды: 27

Өңірімізде тұрақты "сары" террорлық қауіптілік деңгейі жарияланғандығы туралы мәлімдеді

Brifing Asilai  Облыстық "Қазақстан-Орал" телеарнасында Орталық коммуникациялар қызметі филиалының ұйымдастыруымен брифинг өтті.

   Брифингке арнайы келген облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметкері Асылай Губашева ҚР Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы №611 Жарлығының 15-ші тармағына сәйкес өңірімізде тұрақты "сары" террорлық қауіптілік деңгейі жарияланғандығы туралы мәлімдеді.


   Аталған қауіптілік деңгейі қоғамдық орындар мен көліктерде тасталған сөмке, қорап, орама секілді күдік тудыратын заттарға назар аударуды, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құжаттарды тексеруіне  түсіністікпен қарап, оларға қолдау көрсетіп, үрейге салынбай, ағымдағы жағдай туралы жаңалықтарды бақылап отыру қажеттігін ескертеді.

    Қазіргі уакытта өңіріміздегі барлық құқық қорғау органдары азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін тиісті шараларды жасауда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале