11.05.2016, 11:40
Оқылды: 34

Өңірімізде 211 шақырым республикалық және облыстық маңызы бар жол жөнделеді

brifing   Биыл БҚО-да 211 шақырым республикалық және облыстық маңызы бар жол жөнделеді Бұл туралы бүгін Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметі БҚО бөлімшесінде облыс жолдарын жөндеу жұмыстары жөнінде баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Марат Қуаншалиев айтты.


     -Биыл облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 8 898 млн.теңге, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға 6 083 млн теңге бөлінді. «Орал-Каменка-РФ шекарасы» бағытының 4-104 шақырымы автожолын қайта жаңғырту, «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы» бағытының 97-157 шақырымы аралығы, «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» бағытының 138-158 шақырымы жолына күрделі жөндеу жүргізіледі. Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 92 шақырымы, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 119 шақырымына жөндеу жасалады,-дейді Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Марат Қуаншалиев.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале