4.02.2016, 10:52
Оқылды: 32

Өңір басшысы Көктерек ауылына барды

????????????????????????????????????

   Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырдың аудан тұрғындары алдындағы есеп беруінен кейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Көктерек ауылында болды. Өңір басшысымен бірге облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық әкімі аппаратының басшысы Марат Тоқжанов және облыстың бірқатар мекеме басшылары болды.


Көктерек ауылындағы орта мектеп жанындағы интернат былтырғы жылы 64 млн 972 мыңға күрделі жөндеуден өткен еді. Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы күрделі жөндеуден өткен 30 орындық мектеп интернаттын аралап, оқушы балалармен жүздесті. Бүгінде бұл интернатта тұрып жатқан оуқышылар өздерінің алғыстарын жеткізді.

 Сонымен қатар өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Көктерек тарихи-өлкетану музейінде болды. Мұндағы жәдігерлермен танысқан Нұрлан Асқарұлы өзінің қолтаңбасын қалдырды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Қазталов ауданы

Көктерек ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале