8.07.2016, 20:23
Оқылды: 45

Өңір басшысының орынбасары Шыңғырлау ауданында болды

Screenshot_2016-07-09-07-15-00-1Шыңғырлау ауданына облыс әкімінің орынбасары Бағдат Оразалдыұлы Азбаев жұмыс сапарымен келді.


 

Сапар барысында ол Ащысай елді мекенінде болып, «Ғайни» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қожалықтың гибридті күн және жел энергиясынан қуат көзін беретін құрылғысын көріп, шаруашылық басшысы Жасқайрат Айсиевпен әңгімелесті.

Сондай-ақ аудан орталығындағы күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған Шыңғырлау жалпы білім беретін орта мектебінде болып, мектептің кесегі мүжіле бастаған сыртқы қабырғаларын өз көзімен көріп, ішін аралады. Аудан орталығының оңтүстік бетінде салынғалы жатқан 108 тұрғын үй құрылысы алаңында болып, инфраструктура желілерін тартуды бастап кеткен мердігерлермен кездесті. Құрылыс алаңындағы жұмысшылар санын көбейтіп, ауыз су құбыры мен газ құбырларын тартуды қатар жүргізу, мүмкіндігінше құрылыс жұмысын шапшаңдатуды тапсырды. Бұдан соң жергілікті коммуналды шаруашылық мекемесінде болған лауазымды қонақ ауданды ауыз сумен қамту картасымен танысып, аудан басшысы Альберт Темірболатұлы бүгінгі су алып отырған «Ардақ» су көзіне қосымша «Ашықтоғай» нүктесінен де су құбырын тарту, оны қолданыстағы су құбырына қосу туралы ұсынысын жеткізді. Бағдат Оразалдыұлы ұжыммен де тілдесіп, жалақы мөлшері мен жұмыстың барысы туралы сұрақтар қойды. Техникалық жабдықталуы да жаңартуды қажет ететін аудан өмірінің барлық кезеңінде маңызды қызмет атқарып тұрған мекеменің техникаларын біртіндеп жаңарту қажеттігін мақұлдаған мəртебелі мейман бұдан соң жаңадан салынып жатқан 290 орындық балабақша құрылысына кідірді.

Ішкі-сыртқы жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныса келе, құрылыс алаңының бастығына құрылысты 20 тамызға дейін тәмамдап, ҚР Ата Заңы күніне қолданысқа берілуін тапсырды. Аудандық саз мектебінің тыныс-тіршілігімен танысқан Б. Азбаев мектеп оқушыларының әнін тыңдап, "домбыра - қазақтың киесі, өнер - адамзаттың қазынасы, үйрете беріңіз, шәкірттеріңіз көп болсын деген тілегін айтты.

Бұдан соң аудан орталығындағы жөндеу және ыңғайластыру жұмыстары жүргізіліп жатырған «Казтелеком» ғимаратын аралап, болашақ мұражай орнымен және басқа да мекемелерге берілгелі жоспарланған нысанды аралады.

Сондай-ақ Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ-ін және аудандық мәдени-орталық саябақты аралап шыққан облыс басшысының орынбасары ауданның Лубен, Алмаз ауылдық округтері бағытына аттанып кетті.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале