11.05.2016, 13:12
Оқылды: 47

Өңір басшысы Алғабас ауылдық округіндегі елімізге мәлім «Сәбит» шаруа қожалығының тынысымен жан-жақты танысты

????????????????????????????????????

     Ақжайық ауданына барған сапарында өңір басшысы және онымен бірге келген Парламент Сенаты депутаттары Ерболат Мұқаев, Рашид Ахметов, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар және облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловқа аудан әкімі Әділ Жоламанов шаруа қожалықтарының тынысымен де танысты.


      Алғабас ауылдық округіндегі елімізге мәлім «Сәбит» шаруа қожалығының тынысымен жан-жақты танысқан А.С.Көлгінов 20 адамды жұмысқа тартқан оның жетекшісі Ерболат Құрманғалиевтың, оның ұжымының еңбегіне жылы лебізін арнады, тәжірибелі жылқышы Аман Имашевпен әңгімелесті.

     Құрылғанына 13 жылдан асқан «Сәбит» көшім жылқысын өсіретін шаруашылық мәртебесіне ие, 2012 жылы қазақтың ақбас сиыры тұқымының Республикалық палатасына мүшелікке кірді, былтыр «Ақжайық» етті-жүнді асыл тұқымды қой өсіретін мәртебені де иеленді. 600 бас ірі қара, 700-дің үстінде жылқы, 1500 бас қой бағылатын, шаруашылықтарға бұқашықтар, қашарлар сататын осы шаруа қожалығының жетекшісі ғалым-мамандармен байланысты жіті жолға қойған. Мұнда қазақтың ақбасының аталық ұрпағына сынақ жөнінде тәжірибе стансасы жұмыс жасайды. Облыс басшысына қазақтың ақбас тұқымы Республикалық палатасының БҚО бойынша атқарушы маманы Мақсот Балқыбаев тұқымдық түрлендіруге қатысты ізденістерімен, жоспарларымен бөлісті, түліктің қосымша салмақ қосуына байланысты нәтижелері мол жобалары туралы айтып берді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале