10.02.2016, 15:26
Оқылды: 25

Өңір басшысы аудан орталығына кіре берістегі қиюы қашқан жолды көріп мамандардың жұмысын сынға алды

????????????????????????????????????

   Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  іссапармен Тасқала ауданында  болып, 2015 жылдың қыркүйегінде  «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы іске қосылған Орал-Саратов тас жолының  жұмысымен  танысты. Аудан орталығына кіре берістегі қиюы қашқан жолды өз көзімен  көрген өңір басшысы  осы жұмысқа жауапты мамандардың жұмысын  біраз сынға алды.


– Уақыт шектеулі,  бір айдан соң  мынандай жолмен облыс орталығына  қатынас болмайды. Сіздердің  жауапсыздықтарыңнан тұрғындар жапа шекпеуі қажет. Сондықтан  ақпан айының 22-не дейін осы мәселені  шешіп,  жолды дұрыстауды тапсырамын, -деді Нұрлан Асқарұлы «Uniserv» ЖШС бас директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары В.Цойға.

Берілген  тапсырма  дәл уақытында орындалатын болса  санаулы күндерден соң  тасқалалықтар   жаңа жолмен жүретін болады.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале