Облыс әкімі Алтай Көлгінов ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Екатерина Ларионоваға КIA автокөлігінің кілтін табыс етіп, сонымен қатар пәтер де берілетінін жария етті.
Е.Ларионованың жеке бапкері, әкесі Алексей Ларионовқа 2 млн. теңгенің сертификаты табыс етілді. Басқа да олимпиадашыларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Өңір басшысы мемлекет тарапынан бұдан былай да спортшыларға қолдау-көмек көрсетілетінін жеткізді.