25.06.2016, 23:18
Оқылды: 18

Өңір басшысы «Елдос» наубайханасының жұмысымен танысты

FB_IMG_1466874983156Ыстық бөлке, тәтті тоқаштарымен жергілікті жұртшылыққа танымал бола бастаған «Елдос» наубайханасына аялдаған облыс басшысы Алтай Көлгінов аталмыш нысанның жұмыс барысымен егжей-тегжейлі танысты.


Наубайханада тәулігіне 250 нан пісіріледі. Онда 3 адам қызмет етеді.
Заманауи талапқа сай жабдықталған наубайхана жұмысына өңір басшысы оң бағасын берді. Жеке кәсіпкер Құралай Аюпованың тілегіне орай, аспаз-жұмысшыларды оқыту мәселесі көп кешікпей жүзеге асатындығын тілге тиек етті.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале