7.07.2016, 20:18
Оқылды: 19

Өңір басшысы еңбек ардагерін қабылдады

FB_IMG_1467906795879Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов еңбек ардагері, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі Клара Саржанованы қабылдады.


Өңір басшысы жерлесімізді мерейлі 80 жасымен құттықтап, облыс мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
-Клара Бақытжанқызы, 1959 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітіргеннен бері қарай атқарған еңбегіңізді өте жоғары бағалаймыз. Зейнеткерлікке шықсаңыз да, облысымызға танымал ансамбльге жетекшілік етіп келесіз. Өмірлік жиған тәжірибеңізді ұрпаққа таратып, аман-есен жүре беріңіз,- деді Алтай Сейдірұлы.
Клара Саржанова 1961 жылдан Орал облыстық комсомол комитетінің бірінші xатшысы болып, 1963-1965 жылдары АЗВИ-де аспирантура бітіргеннен кейін Шыңғырдау, Камен аудандарында мамандығы бойынша жұмыс атқарған. 1969 жылдан Республикалық деңгейдегі зейнеткерлікке шыққанға дейін СОКП Орталық Комитеті жанындағы жоғарғы сырттай оқу мектебінің меңгерушісі, Облыстық партия Комитетінің партия және совет қызметкерлерінің шеберлігін жетілдіру курсының меңгерушісі болып жұмыс істеген. Зейнеткердікке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, көп ұлтты "Ару аналар" ансамблін ұйымдастырды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале