9.04.2016, 13:31
Оқылды: 38

Өңір басшысы «Жайық жарығы» ЖШС ұжымымен кездесті

Jayik jarigi     Сондай-ақ облыс әкімі Алтай Көлгінов сенбілік аясында «Жайық жарығы» ЖШС ұжымымен кездесті. «Таза қала» ЖШС мекемесі және «Жайық жарығы» ЖШС  ұжымының қаланы көркейтуде мақсаты бір екенін облыс әкімі тілге тиек етті.


     Соңғы кезде қаламыздағы жарық шамдарының көбеюі, бағдар шамдарының қалтсыз қызмет етуі «Жайық жарығы» ЖШС  мекеме қызметкерлерінің нәтижелі жұмысының жемісі екенін өңір басшысы атап өтті.

     Кездесу барысында «Жайық жарығы» ЖШС  мекемесі қызметкерлерінің көктем шығып, жер кепкеннен кейін қала ішінде жол белгілерін салу, жол жолақтарын жаңғырту бағытындағы жұмыстар күтіп тұрғаны да айтылды.

     Шара соңында облыс әкімі қос мекемеге де алда атқарылатын жұмыстар мен міндеттер тұрғанын айтып өтті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале