18.06.2016, 11:31
Оқылды: 17

Өңір басшысы жұмыс сапарымен Тасқала ауданына барды

Screenshot_2016-06-18-10-12-07-1  Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Тасқала ауданында болып, бірқатар мекеме-кәсіпорындарды, құрылыс нысандарын, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жұмысымен танысуда.


 Өңір басшысы ауданға сапарын "Орал-Тасқала-РФ шекарасы (Озинки)" автожолын қайта құру жұмыстарымен танысудан бастады. Облыс әкімі Еліміздегі "Нұрлы жол" бағдарламасымен өңірімізде жүзеге асып жатқан бірден-бір жол құрылысын сапалы және уақытылы атқарылуын тапсырды.

   Сонымен қатар мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, сәттілік тіледі.

   Жеке кәсіпкер Сейтқали Шуктановтың аяқ киім тігу цехында болды. 2014 жылы "АШҚҚ" АҚ арқылы 2 млн теңге несие алып өз кәсібін ашып, бүгінде 5 адамды жұмыспен қамтып. Болашақта несие алып, кәсібін кеңейтпекші.

IMG-20160618-WA0010

  Бұдан соң облыс әкімі Тасқала аудан орталығындағы "Сәулет" мектеп-лицейінде болып, дарынды, өнертапқыш оқушылардың қолынан шықан туындылармен танысты.

   Сондай-ақ өңір басшысы жеке кәсіпкер Гүлайым Жақыпованың ет өнімдерін сататын "Болашақ" дүкенінде, орталық базарда болып, азақ-түлік бағаларын білді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале