8.02.2016, 15:44
Оқылды: 35

Өңір басшысы Н.Ноғаев ауыз су өндірістік цехында болды

????????????????????????????????????

 Қаратөбе ауданында іссапарда жүрген өңір басшысы Н.Ноғаев аялдаған екінші нысан – ауыз су өндірістік цехы.

Өткен жыл ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 11,0 млн. теңге несие алып, кәсібін бастаған цехтің (қожайыны Сержан Ашығалиев) негізгі қызметі – алкогольсіз сусындар шығару.


Су өндіретін цехта 0,5, 1, 1,5 және 19 литрлік құтыларға су құятын 4 өндірістік желі орнатылған. Цехтың өндірістік қуаты сағатына 300 құты су шығарады. Бұл дегеніңіз, жыл бойына 73,6 тонна немесе 3195,0 мың теңгенің өнімін шығаруға қауқарлы деген сөз.

«ДЕМ» сауда белгісіне ие өнім аудан және облыс орталығындағы ірі сауда орталықтарында, көрші облыстардың тұтынушыларына да ұсынылып келеді.

Қазіргі таңда жергілікті 5 тұрғынды жұмыс көзімен қамтып отырған цех басшылығы нарыққа дәмі баршаға бала кезден танымал «Лимонад», «Тархун» сынды сусын түрлерін өндіруді жоспарлап та қойған.

Цехтың жұмыс барысымен танысқан облыс басшысы Н.Асқарұлы жеке кәсіпкер С.Ашығалиевтің кәсіпкерлік жолдағы игілікті ісіне табыс тіледі.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале