25.06.2016, 23:37
Оқылды: 23

Өңір басшысы орталық саябақта ардагерлермен кездесті

FB_IMG_1466875481534Өңір басшысы аялдаған соңғы нысан – орталық саябақ болды.
Орталық саябақта Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдени іс-шараны тамашалаған А.Көлгінов ауыл ақсақалдарымен кездесіп, ауылды көркейту, ел тарихы мен болашағы турасында кеңінен әңгімелесті.


FB_IMG_1466875471082Қаратөбе ауданына облыс әкімі лауазымына кіріскелі алғаш қадам басқан Алтай Сейдірұлына құтты қадам тілеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев ауданның бүгінгі тірлігінің жоғары деңгейде екендігін баян етіп, ризашылық сезімін жеткізді.
Кездесу барысында еңбек ардагерлері Нәжім Дәулетов, Жамбыл Тоғжанов, Абат Аңшыбай, Мақсот Ермеғали, Бейбіт Сағынғалиев т.б сөз сөйледі.
FB_IMG_1466875449016Саябақта өткен шара аясында жеке кәсіпкер Қасымхан Шоқанаевтың мүсін өнері көрмесімен танысқан өңір басшысы Қасымханға Орал қаласына қатысты естелік мүсін туындысын жасауға ұсыныс тастады.
- Қаратөбе – облыс аудандарының ішінде алдыңғы қатардағы аудандардың бірі. Соның ішінде, қаламен екі аралықтағы жол қатынасы жақсы жолға қойылған. Аудан халқы көгілдір отынмен, ауыз сумен толыққанды қамтамасыз етілген. Әрбір аудан Қаратөбеге қызғанышпен қарайды. Бірлігі бекем елдің келешегіне жарқын болашақ тілеймін. Әрдайым да жақсылықта қауышайық! - деп ой сабақтады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале