5.04.2016, 12:29
Оқылды: 68

Өңір басшысы Палымбетовты қабылдады

  Kabildau   Облыс әкімі Алтай Көлгінов Қазақстандағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша өкілетті уәкіл Болат Палымбетовты қабылдады.

     Кездесу барысында өңір басшысы мәртебелі мейманға кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекенттік бағдарламалардың облысымызда жүзеге асуы, кәсіпкерліктің өрістеуіне қажет шаралардың жергілікті атқарушы билікпен қажет жағдайлардың жасалуы жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.


     Болат Палымбетов елімізде кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша жаңадан құрылып жатқан институттың мақсат-міндеттері туралы баяндады.

     -Еліміздің әрбір өңірінде кәсіпкерлердің құқығына қатысты мәселе аз емес. Олардың қатарында жер, құрылыс және өзге де жайттар бар. Бұл мәселелердің көпшілігін жергілікті жерде шешуге мүмкіндік мол. Облыс әкімімен кездесу барысында осыған назар аудардық. Алтай Сейдірұлы бұл мәселелермен жақсы таныс екенін білдірді. Оларды шешу бағытында өз жоспарлары бар. Егер бұл мәселелер жергілікті жерде реттелетін болса кәсіпкерлер Астанаға шабылмай, уақытын, қаражатын үнемдер еді,-деді Болат Палымбетов жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале