16.06.2016, 16:39
Оқылды: 20

Өңір басшысы денсаулық сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады

mediki (1)Облыстық қазақ драма театрында Медицина қызметкерлерлінің кəсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтуде. Оған облыс əкімі Алтай Көлгінов қатысуда.


Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов баяндама жасап, денсаулық саласындағы қол жеткізген табыстар мен жетістіктерге, кейбір өзекті мəселелерге тоқталып өтті.

Өңір басшысы Алтай Сейдірұлы сала қызметкерлерін кəсіби мерекелерімен құттықтап, дəрігерлердің қоғамда алатын орны мен мəртебесіне баға берді.

medikiБұдан кейін БҚО əкімі облыс бойынша үздік деп танылған бірқатар медицина қызметкерлерін ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің төсбелгісімен жəне облыс əкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Сондай-ақ Алтай Сейдірұлы өткен жексенбіде отбасы мүшесінің тағы бір жанға толығып, Жібектің сіңлісі дүниеге келгенін айтып, уақытпен санаспай қызмет көрсететін облыстық перинаталдық орталығының қызметкерлеріне зор  алғысын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Лəззат Шағатай

Суретті түсірген

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале