14.05.2016, 18:04
Оқылды: 13

Өңір басшысы Теректі ауданындағы біраз уақыттан бері жұмысы тоқтап тұрған май зауытында болды

01        Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Теректі ауданына барып, бірқатар нысандарда болды.

   Біраз уақыттан бері шикізаттың жеткіліксіздігіне, құрылғылардың ескіруіне және тиімсіз басқаруға байланысты жұмысы тоқтап тұрған май зауытынан бастады.


      Жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның араласуымен өткен жылы жаңа инвестор тартылған. Келген инвестор 700 млн теңге қаражат салып, құрылғыларын жаңартқан. Екі айдың ішінде қосымша күш беретін жаңа цехты іске қосу жоспарланып отыр.

   -Ендігі мәселе шикізат алу үшін қосымша қаржы қарастыру. Біз өз тарапымыздан осы мәселеге байланысты жәрдем беретін боламыз. Себебі біздің өңірде бұл зауытқа балама нысан жоқ. Облыс тұрғындарын өніммен қамтамасыз етуге әлеуетін жеткізу қажет. Жергілікті шаруа қожалықтары да өз өнімдерін алысқа ұзамай, осы зауытқа шикізат ретінде тапсыратын болады- деді А. Көлгінов.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале