14.05.2016, 20:44
Оқылды: 26

Өңiр басшысы шаруалардың ұсыныстарын Жер мәселесi жөнiндегi комиссияға жолданатынын жеткiздi. (видео)

жерр    Бүгiн шаруа қожалықтары басшыларымен кездескен өңiр басшысы Алтай Көлгiнов шаруалардың ұсыныстары облыстық қоғамдық кеңесте талқыланып, Жер мәселесi жөнiндегi комиссияға жолданатынын жеткiздi, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.


     - Жердің айналасында оны қолдана білетін, жерді дұрыс тиімді игеретін, жаны ашитын, технологиясын қолданатын азаматтар алу керек. Халықтың арасындағы өзінің жеке малы барларға жайылатын жер керек. Ұсыныстарыңыз өте орынды. Сол мәселелерді өңірдің тұрғындарын шақырып, қоғамдық кеңесте соның бәрін талқылаймыз. Бүкіл ұсыныстарыңызды алып, үкіметтің қабылданған комиссиясына енгізуге біз дайынбыз. Біз шақырамыз сіздерді. Орынды мәселе көтеріп отырсыз. Рахмет,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале