2.12.2016, 19:47
Оқылды: 31

Өңір басшысы зияткерлермен кездесті

 

img_2337Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі Қамқоршылық кеңес  отырысынан кейін өңір басшысы Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Кейіпкерге 25 сұрақ» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесті.


 

Бұл жобаның мақсаты – зияткерлерді облысымызға танымал, ісімен үлгі-өнеге болатын жандармен кездестіру арқылы тұлғалық-көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Еркін форматтағы кездесуде зияткерлер Алтай Сейдірұлына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

img_2352Шара барысында көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сүйікті кітап және тұлға, шетелде білім алған жастардың елімізге қайта оралуы және мемлекет алдындағы жауапкершілік, сын және оның тұлғаны дамытуға әсері туралы әңгіме өрбіді.

Кездесу соңында 11 сынып оқушысы Диана Жұмабаева облыс әкіміне өзінің «Арман қала - Астана» деп аталатын төл туындысын сыйға тартты.

НЗМ баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале