24.10.2016, 11:24
Оқылды: 31

№2-ші Ақжайық аудандық соттың мәжіліс залында өткен дөңгелек үстел

%d1%81%d0%be%d1%82   Ақжайық аудандық №2–ші сотының мәжіліс залында аудандық соттың судьялары мен мамандары жәнеТайпақ ПБ-і бастығының орынбасары - полиция майоры А.К.Оразбеков, №2-ші күзет батальонының взвод командирі - Р.Ж.Ракишев, №18-ші өрт сөндіру бөлімінің бастығы – азаматтық қорғау капитаны Ғ.Ғ.Нұрғалиев, сонымен бірге Тайпақ ПБ-нің учаскелік полиция және күзет қызметкерлері қатысуымен жиын өтті.


Жиынды ашқан аудандық соттың төрайымы Т.С.Ғұмарова «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» негізінде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама аясында әзірленген әдістемелік ұсынымды талқылап және күзет қызметкерлерімен төтенше жағдай туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастыру мәселері бойынша әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып жұмыстану жөнінде айтып өтті. Жиынға қатысушылар әдістемелік ұсынымдар бойынша өз ойларын ортаға салып, әңгіме қозғалды. Алдағы уақыта бірлесіп атқарылатын іс-шаралар туралы пысықталып, талқыланды.

№2-ші аудандық соттың баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале