2.10.2015, 19:39
Оқылды: 26

Жастармен жүздесу

жастарБҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Азамат Аутуев бүгін Зеленов ауданында болып жастармен жүздесті. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің жұмысымен танысу мақсатында келген Азамат Жұмабайұлы облыстағы жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, мәселелерге үңілді.
Аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжановтың төрағалығымен өткен кездесуде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұржан Ешмұратов осы уақытқа дейін орталықта атқарылған жұмыстар бойынша мәлімет берді.
- Қолға алынған жұмыстарды әртараптандыру үшін жастардың белсенділігі қажет. Жастар жолдайтын ұсыныс-пікірлер мен көтерген сұрақтар арқылы ғана біз негізгі мәселелерді көре аламыз, - деген Асылұлан Тұрсынұлы кездесу қатысушыларын ашық пікір алмасуға шақырды.
БҚО Жастар ресурстық орталығының басшысы Кенесары Нұршинов өңірдегі ресурс орталықтарының негізгі айналысатын мәселелеріне тоқталып, пікірімен бөлісті.

www.zhaikpress.kz
Нұржан Дүзбатыр
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале