29.04.2016, 17:25
Оқылды: 26

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні шерудің өтпейтіні туралы шешімнің саяси астары жоқ

Brifingg     Бұл туралы «Қазақстан-Орал» телеарнасында өткен брифингте БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, төрағасы орынбасары Ғайса Қапақов мәлім етті. Бұл шешім 7 сәуірде Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясының төрағасы Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен облыстық ассамблея кеңесінің отырысында қабылданған.


     Есесіне, басқосуда облыс және аудан орталықтарында «27 шара» акциясын өткізу жоспарланған. Осы іс-шаралар аясында ғылыми конференция, түрлі акция, фестиваль, көрмелер ұйымдастырылуда. Қазақстан халқы бірлігі күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады. Яғни мерекелік шара жылдағы қалыптан өзгеше сипатта болмақ.

     Ертең «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы бастау алмақ. Мамырдың 1-інде «Абай» алаңында этно-мәдени орталықтар мен бірлестіктердің қатысуымен этноауыл мен концерт ұйымдастырылады. Мамырдың он күндігінде оздырылатын атаулы мерекелік іс-шаралар жайы арқау болған брифингте облыстық  ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова мен Орал қаласы әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев болды. Олардың айтуынша, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Мұрат Жәкібаевтің продюссерлік орталығы түсірген «Жеңіс тарихы» атты деректі фильмінің тұсаукесері болады. Сол күні облысымыздағы қарулы күштер қатарында қызмет ететін ержүрек сардарлар мен сайыпқыран сарбаздар мерекелік жиында марапатталады.

     9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнінде ҰОС және тыл ардагерлерінің қатысуымен митинг өтеді. «Ардагерлерді ардақтайық», «Мәңгілік жеңіс», «Өткенге құрмет – кішіге міндет» тақырыбында акциялар қолға алынады. Орал қаласының тұрғындары «Бауырластар зираты» мен Мәншүк Мәметова, Георгий Жуков, Темір Масин ескерткіштеріне гүл шоқтары қояды.

      Еске сала кетейік, 1 мамыр күнгі мерекелік шеру жыл сайын Батыс Қазақстан облысында ғана аталып өтеді екен.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале