26.06.2017, 18:04
Оқылды: 87

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі

zeynetaki   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. Ағымдағы жыдың 1 шілдесінен бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады.

   Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%-ға арттырылғанын ескере отырып, 13%-ға  өседі.  Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берді.


   Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өседі. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері 20% - ға дейін көтеріледі. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Салыстырмалы түрде 2016 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 37 789 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемдері биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 14 466 теңгені құрайды, ал  зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 66 676 теңгеге дейін артады.

   Зейнетақы төлемдері барлық есепте тұрған зейнеткерлерге қайта есептеледі. Бұл ретте, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

   Сондай-ақ, ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттік саясат шеңберінде 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 20%-ға ұлғаяды. Бірінші, екінші және үшінші балаға жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе 86 222 теңгені, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 142 947 теңгені құрайды.

    «Азаматтарға арналған үкімет»

    мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық

    емес акционерлік қоғамының

    Баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале