2.07.2017, 11:46
Оқылды: 77

1 велошерушіге - ЭКСПО-ның 2 билеті

Velosheru  Астана күні мерекесі қарсаңында Орал қаласында велошеру ұйымдастырылды. Қала тұрғындары велосипедпен Жəңгір хан атындағы БҚАТУ ғимараты тұсынан бастап, 7 шақырым жол жүрді.


  - Астана қазіргі кезде еліміздің мəртебесін асқақтатуда. Елорданың мерейлі күні мен ЭКСПО көрмесі құрметіне өткен велошеруге 500-ге тарта тұрғын қатысты.

  Қаламызда спортттық шаралар жиі ұйымдастырылады. Елбасымыздың тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты дамытуға баса көңіл бөлінуде, - деді Орал қаласының əкімі Мұрат Мұқаев шеру мəресі болған П.Атоян атындағы стадион алдында ұйымдастырылған шарада.

  Одан кейін велошерушілер арасында ұтыс ойыны ұйымдастырылды. Бес адамның əрқайсына ЭКСПО көрмесіне 2 билет, спорттық киімдер жəне "Жайық самалы" жүзу бассейніне тегін жолдама берілді.

Velosheru 02

 Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале