16.06.2015, 9:45
Оқылды: 33

10 отбасын газетке жаздырды

ZH   Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газеті бүгінде  Елбасының сара саясатын елге кеңінен түсіндіріп, халық пен билік арасын байланыстыратын алтын көпірге айналған. Өлке тарихы мен өлкеден шыққан атақты жандар, дін, тәрбие мәселесін терең қаузап, ауданның қоғамдық-саяси өмірін күйттеген жергілікті басылымға жазылушылар саны жылдан жылға артып келеді. Соның ішінде тарихын тереңнен тартқан басылымға екінші жартыжылдыққа жазылуда Жаңақазан ауылдық округі тұрғындары белсенділік танытуда.

2015 жылдың ІІ жартыжылдығында аталмыш округ бойынша 100 адам «Жаңарған өңірге» жазылды. Сондай-ақ ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлері өз қаражаттары есебінен жұмыссыз, аз қамтылған 10 отбасыны аудандық газетке жарты жылға, «Достар» ШҚ-ның жетекшісі Д.Қарағойшин, «Али» ШҚ-ның жетекшісі А.Оңаев, «Теміршариф» ШҚ-ның жетекшісі Р.Нұрғалиев  10 отбасыны 3 айға «Егемен Қазақстан» газетіне тегін жаздырды. Ал аналарымыз бен аталарымыз газет оқып, ел, әлем жаңалығынан хабардар болып отырамыз деп қуанысып, аты аталған жандарға алғыс айтуда.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале