29.04.2020, 11:36
Оқылды: 416

10 701 партия ойналды

20-29 сәуір аралығында 2004 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтті.

7D7B6E25-6CE2-4794-9276-270D921C3F07

Онлайн жүйесінде болған сайысты БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық білім басқармасы ұйымдастырды. Жарысқа 64 өрен қатысып, бақтары мен баптарын сынады. Түрлі себептерге байланысты бөкейордалықтар ғана сайыстан шет қалды. Сөйтіп Орал қаласы мен қалған аудандардан 32 ұл мен  32 қыз додаға түсті.

2154235A-8EF1-4192-801B-ADABB2F113B4

Нәтижесінде, ұлдар арасында Әбілмансур Нұрғазин (Бәйтерек) үздік танылса, Әсетхан Есімбек (Тасқала), Айдын Жұмағұлов (Бөрлі), Бейбарыс Нұрғазин (Орал, 2 БЖСМ) жүлдегерлер сапынан көрінді. Қыздардан бәйтеректік Айшабибі Нурғазина топ жарды. Жәнібектік Камила Сайфеденова 2-орын алса, оралдық Назерке Мұғал мен бөрлілік Айзат Шынболат қола жүлдегер атанды.

1DFC2047-7919-4695-9E9E-993D48BD5DF4

- Бұл турнир карантин уақтында үйде отырған балалардың бос уакыттарын тиімді пайдалануды мақсат тұтты. Өңірімізде жасөспірімдер арасында алғаш рет ұйымдастырылған сайыстың алдында қатысушыларға жарыстың онлайн түрде өту тәртібі, қалай тіркелу қажеттілігі түсіндірілді. Интернет алаңындағы iggamecenter.com бағдарламасы арқылы олимпиадалық жүйемен өткізілген турнир тартысты да қызықты болды. Жалпы қазір осы жүйе арқылы республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстар көп өтуде. Әсіресе студентер арасында қарқын алуда. Мәселен, сәуір айының ішінде елімізде 10 701 партия ойналды, - дейді тоғызқұмалақтан облысымыздың бас бапкері Дәулет Әбдікарімов.

Сәкен Мұратұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале