12.04.2016, 16:37
Оқылды: 17

100 жедел жәрдем көлігін кезең-кезеңімен алатын боламыз- А. Көлгінов

Screenshot_2016-04-12-12-28-40-1     Қазіргі таңда облысымызда барлық денсаулық сақтау мекемелерінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Шын мәнінде де денсаулық сақтау саласы бойынша жасалатын шаралар өте маңызды.  Алдымен жедел жәрдем қызметіне біз көңіл бөлуде екенін, Жуырда жедел жәрдем стансасының жұмысымен жақынырақ танысқанын, мамандар жеткілікті, біліктіліктері тиісті дәрежеде екенін де брифинг барысында өңір басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.


     «Бірақ, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағынан біраз мәселелері бар екені анықталды. Мысалы, өңіріміз бойынша 180 жуық жедел жәрдем көлігі болса, қазіргі уақытта әлі осындай 100 арнайы техниканың қажеттілігі бар. Оған біз облыстық мәслихаттың кешегі сессиясында қаражат бөлдік. Кезең-кезеңімен қажетті техниканы алатын боламыз. Орал қаласына реанимобильдер және әр ауданға 1-2 көліктен алынып, келесі жылы да осы жұмысты жалғастыратын боламыз. Себебі, азаматтардың денсаулығы мен өмірі бірінші кезекте тұратынын атап өту керек. Жедел жәрдем қызметі шұғыл және сапалы қызмет көрсету керек. Қысқаша айтқанда, осындай жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын жоспар бойынша, жаңа емханалар іске қосылып келеді. Оны білесіздер. Биыл да облыс орталығында жаңа емхана іске қосылатын болады. Құрылыс жұмыстары аяқталды. Жабдықтары қабылдануда. Жақын арада іске қосамыз.»-деді облыс әкімі А. Көлгінов.

 www.zhaikpress.kz

Әділғазы Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале