1.07.2015, 20:34
Оқылды: 21

«100 қадамды» жүзеге асыру

Bokei 02      Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы» атты ұлт жоспарын іске асыру жөнінде аудан активі оздырылды.

Активті ашқан аудан әкімі Н.С.Рахымжанов осы «100 қадам» жоспарындағы қамтылған бағыт-бағдарлар «Қазақстан – 2050» Стратегиясындағы және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы межелеген мақсаттармен ұштасып жатқанын атап                           көрсетсе, күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Л.Т.Қайырғалиева 100 қадамға қатысты ауданымызда атқарылар істерге тоқталды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале