7.06.2016, 17:09
Оқылды: 22

107 зеленовтық оқушы Шалқар көлі жағасында орналасқан лагерде тегін демалатын болады

????????????????????????????????????

   Зеленов аудандық білім беру бөлімі биыл да балғындар үшін барлық жағдайды жасауда.

    Зеленов ауданы бойынша жалпы 1-10 сыныптар арасында 7164 шәкірт бар. Ауданға қарасты 38 мектептің жазғы лагерінде тамақтану ұйымдастырылып отыр. Бұл лагерлерде аз қамтылған, көп балалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, жалпы саны 977 оқушы тегін тамақпен қамтылады.


    Биылғы маусымда барлық мектепте үйірме, профильдік алаңдар, еңбек отрядтары ұйымдастырылып, оған 5481 оқушы жұмылмақ. Мектепшілік лагер тамақпен және тамақсыз 10 күннен 3 ауысымда жұмыс атқарады. Яғни, 1-14 маусым, 16-29 маусым және 4-15 шілде аралығында лагердің есігі «келемін» деушілерге әрдайым ашық.

  Сондай-ақ, Переметный ауылындағы «Достық» және Январцев ауылындағы «Жас ұлан» аудандық жазғы сауықтыру лагерлері балалар игілігіне дайын тұр. Аудан орталығындағы «Достық» лагері өз жұмысын бастап та кетті. Бұл жерде жоспар бойынша үстіміздегі жылы 10 күннен 5 ауысымда 200 оқушы демалмақшы екен. Ал 20 маусымнан бастап ашылатын «Жас ұлан» лагерінде 6 күннен 8 ауысыммен 400 бала демалады деп жоспарлануда.

  Сонымен бірге, Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығына түрлі олимпиада мен байқаулардың жүлдегерлерінен 12, «Зерде»  жеңімпаздары клубынан 8 балаға жолдама беріледі. Ал аз қамтылған және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен Алматы шаһарындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық білім беру жәнем сауықтыру орталығына 10, Италияның Чезенатико қаласына 2 оқушыға тегін жолдама берілмек.

  Тағы бір айта кететін жайт, аз қамтылған, көп балалы және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 107 зеленовтық оқушы Теректі ауданы Шалқар көлі жағасында орналасқан лагерде тегін демалатын болады.

   Биыл аудандық бюджеттен мектепшілік тамақпен қамтылған лагерге – 3 млн 611 теңге,  Достық – 3 млн 146 теңге, Жас ұлан – 4 млн 046 теңге, Шалқар жағасындағы демалыс лагеріне жолдамаға – 4 млн 200 теңге бөлінген.

www.zhaikpress.kz

ЗЕЛЕНОВ АУДАНЫ

Динара БЕРІШ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале