12.01.2017, 13:13
Оқылды: 33

108 сыбайлас жемқорлық дерегін анықтады

   Былтыр Батыс Қазақстан облысында 645 бос мемлекеттік қызмет лауазымына конкурс өткізілген. Конкурстарға қатысқан 1305 үміткердің 467-сі мемлекеттік қызметке орналасқан. Бұл жайында ҚР мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Əдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов айтты.

Оның мəліметінше, аталған департамент мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуын жəне қызметтік əдептің сақталуын бақылау мақсатында мемлекеттік органдарға 43 тексеріс жүргізген. Нəтижесінде 220 заңбұзушылық анықталды.

Былтыр əдеп жөніндегі кеңесте 73 мəселе мен 54 тəртіптік іс қаралды. 32 мемлекеттік қызметшіге, олардың ішінде 20-сына мемлекеттік қызметте теріс қылық танытқаны үшін, 12-сіне ҚР Əдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін тəртіптік жаза қолданылды.

Департамент мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жүргізіліген 222 ішкі талдау арқылы 108 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтады.

Нұртай Алтайұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале