28.02.2015, 20:07
Оқылды: 18

Ынтымақтың негізі – ДОСТЫҚ


 Бейсенбі күні Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Достық» клубының мүшелерін ұлықтау рәсімі болып өтті. Оған аталмыш жоғары оқу орнының оқытушылары мен ғалымдары, студенттер мен шақырулы қонақтар қатысты. Шараға Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов қатысып, сөз сөйледі.


Салтанатты жиынды Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ректоры, ғылым кандидаты, профессор Нұрлан Серғалиев ашып, қыс-қаша сөз сөйледі. Біздің қазіргі басты байлығымыз - бірлік пен ынтымақ. Қазір біздің университетте сан алуан ұлт пен ұлыс өкілдері оқып, білім алуда немесе бірлесіп еңбек етуде. Осыдан екі жылдай бұрын құрылған  клубқа таяуда жас маман Мейрамгүл Сірәлиева жетекшілікке бекітілді. Клубтың мақсаты – осындағы түрлі ұлт жастарының арасында достық пен ынтымақты дамыту, - деді Нұрлан Хабиболлаұлы. Ректор ұлттық киімдерін киген бір топ клуб жастарына мүшелік билет табыс етті.

- Бұл - үлгі тұтарлық бастама. Оны толығымен құптаймыз. Енді осындай ұйымдар алдағы уақытта колледждер мен мектептерде де құрылмақ. Нәтижесінде біз жастар арасында ұлтаралық, дінаралық татулық, ынтымақ, өзара сыйластық мұраттарын таратамыз. Мұндай клубтардың келешекте берері мол, - деді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов. Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық бөлімшесі жастар қанатының төрағасы Игорь Спиридонов аталмыш шараның маңыздылығын айрықша көрсетіп, жастарды ынтымақты ұдайы бағалауға шақырды және осындай ұйымдарға көмек көрсетуге қашан да даяр екендігін айтты. Шара барысында түрлі ұлттың өкілдері, жастар өз тілдерінде ән шырқап, өлең-жыр оқыды.


С. ІЗБАСАРҰЛЫ,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале