9.07.2020, 12:16
Оқылды: 113

"109" нөміріне ұсыныстар мен шағымдарды хабарлауға болады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстағы емханалардың жұмысы туралы да баяндап берді.

16DDF966-980E-4993-9059-C778DBC4A2D9

- Медициналық кадрлардың жетіспеушілігіне және пневмонияның өсуіне байланысты біз науқастарды жоспарлы емдеуді уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болдық. Бұл, әрине, басқа аурулармен ауыратын адамдарға медициналық қызметтерді уақтылы көрсетілуіне кері әсер етіп отыр.

Осыған байланысты тұрғындар үйде кеңес алу және емделу үшін мобильдік клиникалар барлық амбулаторияларда ұйымдастырылды, - деді.

Өңір басшысы Ғали Нәжімединұлының мәлімдеуінше, барлық емханаларда телефон қонырауларды қабылдайтын орталықтар жұмыс істеуде. Емханалардың нөмірлері www.stopcovid.kz сайтында орналастырылған. Облыс тұрғындары 109 нөміріне қоңырау шалып, емханалардың жұмысы туралы өз ұсыныстарын немесе шағымдарын білдіре алады.

Сонымен қатар тұрғындар медициналық кеңес алу үшін де «109» нөміріне хабарласа алады. Операторлар тікелей жұқпалы аурулар дәрігерлері мен пульмонологтармен қосатын болады.

Егер тұрғындар қандай да бір себептермен үйден шыға алмаса, еріктілер дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерді жеткізуге көмектеседі. Ол үшін де «109» нөміріне қоңырау шалу керек.

Тұрғындар аймақтағы коронавирус туралы барлық ақпаратты stopcovid.kz сайтынан ала алады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале