1.08.2015, 9:03
Оқылды: 19

11 жүргізуші жауапқа тартылды

ZHЖол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктердің  жол апатына ұшырауын төмендету мақсатында Теректі ауданы аумағында 28-30-ші шілде аралығында «Автобус!» профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.

Осы кезеңде әкімшілік полиция бөліністерінің жеке құрамы аудан аумағындағы жолдардаавтопатрульдік рейдтер ұйымдастырылды. Жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктерге тексерістер жүргізіліп, олардың конструкциялық және техникалық жағдайлары талаптарға сай болуы тексерілді.

Жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзуып жүрген өрескел тәртіп бұзушыларды анықталып, 11 әкімшілік құқықбұзушыларға хаттамалар толтырылды.

Оның ішінде 3  жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін,  техникалық байқаудан өтпегені үшін, 2 жүргізуші ұялы телефонды пайдаланғаны үшін,2 жүргізуші автокөлікпенжолаушылар тасымалдайтын куәліктері болмаған үшін әкімшілік жазаға тартылды. «Ащы суға» тойып, көлік тізгінін ұстаған 3 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

www.zhaikpress.kz

Б.Бисенов

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале