5.12.2017, 17:17
Оқылды: 32

№11 мектепке өрт сөндірушілер шақырылған

Бүгін түскі сағат 13.51 шамасында дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты кешеніне өрт сөндірушілер шақырылған.

Оқиға орнына 15 техника, 52 адам жеткен. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, электр қалқанынан түтін шыққан.

Зардап шеккендер жоқ. Барлығы 25 адам, оның ішінде 19 оқушы қауіпсіз жерге шығарылды.

Screenshot_2017-12-05-17-12-24-1 Screenshot_2017-12-05-17-10-25-1

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале