14.08.2020, 10:06
Оқылды: 82

БҚО-да мемлекеттік қызмет мәселесі бойынша семинар өтті

2020 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

 Мемқызмет

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда.

13 тамызда Департаменттің бас маманы А.Мырзабаева Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ZOOM платформасында семинар өткізді.

Түсіндірме жұмыс барысында мемлекеттік қызметшілерге конкурстық рәсімдердің жаңашылдығына тоқталып, мемлекеттік қызмет саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған өзгерістер атап өтілді.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале