18.11.2015, 9:17
Оқылды: 20

Жұртшылықпен жүздесті

Zelenov 01   Көпшілікпен  кездесуді құп көрген Зеленов ауданының басшысы Кәрім Жақыпов және аудандық бөлім басшылары, ел қалаулылары, өз ісінің майталман мамандары Зеленый, Егіндібұлақ, Шалғай, Железнов сынды ауылдарда болып, біраз  шаруаның  басын қайырды.

Ауыл әкімдері алдымен халықпен бірлесе отырып  атқарылған қыруар істің қорытындысымен құлақтандырды. Жағымды жаңалықты жарғақ құлағымыз естіп, жүзіміз жымиды. Бес саусақ бірдей емес. Округте озық жүйелі жұмыс бар, ақсап тұрған түйткілді тұстары да жоқ емес.

Алға өрлеген іске халық бір қуанып, шешімін таппаған шаруаға бір мұңаюда. Басқосу барысында  ауыл тұрғындары сөйледі, сөйлегенде бүй деді. Бірі келін - баласына жұмыс сұрайды, ал жұмысы бар жас маман үй сұрайды. Жас спортшыларға шаңғы қажет.......

Сонымен сан сауалдардың  ішінен елеп екшелегендегі маңызды мәселе, ол - о шеті мен бұ шеті жоқ шексіз қара жолдың шұрық тесігі, көпшілікке мәдениеттілікті үйретіп, қуаныш сыйлайтын  мәдени ошақтардың тозуы.

Міне, осы сықылды сауалдардың жауабы, әрине қаржыға әкеп соқтыратындығын қалың бұқара білмейді емес, біледі. Оның үстіне қазіргі уақытта  дағдарыс. Әйтсе де, әр істің де оңтайлы жолы болады. Болашақтың еншісіндегі іске тек түсіністік пен төзімділік қажет.

Тұрғындардың үніне құлақ түрген аудан әкімі зеленыйлықтарды заман ағымына ілестіретіндігін, егіндібұлақтықтардың ертеңіне елеңдейтіндігін, шалғайлықтардың шаруасын шешетіндігін, железновтықтардың  жағдайын жақсартатындығын  жеткізді.

Zelenov 02

www.zhaikpress.kz

         Самал  ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ

Зеленов  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале