20.04.2016, 17:18
Оқылды: 20

112 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды

Janibek konstitucialik kykiktari korgaldi      Қазақстан Республикасының Конституциясына сай әркім еңбегі үшін сыйақы алуына құқығы бар.

     Азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Жәнібек аудандық прокуратурасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына, соның ішінде еңбек ақыны уақытында және толық төленуіне байланысты ұдайы мониторинг жүргізіп келеді.


     Мониторинг жүргізу барысында аудандық прокуратура мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 112 жұмысшысына биыл ақпан айында 1,3 млн. теңгеден астам жалақы өсімінің берешегі төленбегендігін анықтады. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 113 бабы 1 бөлігіне сәйкес жалақы еліміздің ұлттық валютасымен ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуге тиіс. Сөйтіп, аудандық прокуратураның ұсынысы бойынша жалақы берешегі толық мөлшерде өтеліп, 112 жұмысшының конституциялық құқығы қорғалды. Қазір заң бұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғаларды заңнамаларда белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

www.zhaikpress.kz

                                                                             Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале