19.11.2015, 18:05
Оқылды: 21

Тіркеу кезінде қателікке жол бермеңіз

Notariuss   Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық әділет басқармасы қызметкерлері мен жеке нотариус А.Жеңісова, сондай-ақ  ауылдық округ әкімі аппараты мен жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, ХКҚО-ғы мамандарының қатысуымен  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды  тіркеу  кезінде туындайтын мәселелер»  атты дөңгелек үстел өтті.


Жиын барысында әділет басқармасының басшысы Қ.Тасқалиева электрондық тіркеудің жүргізілу тәртібін түсіндіріп өтсе, соңғы он айда жылжымайтын мүлікке құқықтардың электронды тіркелуі туралы ақпаратты бас маман Л.Бекқалиева баяндады.

Дөңгелек үстел барысында жеке нотариус азаматтардан түсетін құжаттарда (құқық дәлелдейтін құжат,техникалық паспорт, жер акті) кездесетін қателіктерге тоқталып, құжат толтыру кезінде қателікке жол бермеу керектігін тілге тиек етті.

Жиынға қатысушылар осы мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан толық жауаптар қайтарылды.

www.zhaikpress.kz

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале