12.04.2016, 12:58
Оқылды: 29

12 жылдық білім беруге Орал қаласының Ықсанов атындағы №36 мектеп пен Теректі ауданындағы Шаған орта мектебі бекітілді

Screenshot_2016-04-12-12-28-40-1     Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық бөлімшесінде өтіп жатқан брифингте облыс әкімі Алтай Көлгінов айтты. Аталмыш мектеп мұғалімдері Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде  біліктілігін арттырып, арнайы курстардан өткен.


     Еліміздің 10 өңірінде жұмыс істеп тұрған оқу орындарының базасында әріптестік негізде таңдалатын колледж болса, соның ішінде Батыс Қазақстан индустриалды колледжі енген. «Кәсіпқор» акционерлік қоғамы мен Батыс Қазақстан индустриалды колледжі арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Ол бойынша колледждің инжерлік-педагогикалық жұмысшылары Астана және Минск қалаларында біліктілігін арттырды.

     Колледж бен облыстағы «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Стройкомбинат» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» арасында ынтымақтастық туралы келісім бекітілген.

     Соңғы 2 жылда облыста дуалды оқыту жүйесі енгізіле бастады. Осы бағытта облыс бойынша 53 өндіріс орындарымен келісім жасалып, 979 адам осы жүйе бойынша оқытылып келеді. Яғни, түске дейін сабақта, түстен кейін өндіріс орнында 979 оралдық колледж студенттері теория мен тәжірибені ұштастырып келеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале