31.05.2016, 16:51
Оқылды: 22

12 тасқалалық аудан орталығында атылған

taskala repressiaТасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының Тәуелсіздік залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кеші өтті. Шараға аудан әкімі Санжар Әлиев, қуғын-сүргін құрбандарының көзі тірі ұрпақтары мен еңбек ардагерлері және жастар қатысты.


Жиын аудандық мәдени қызметкерлердің сол бір зұлмат жылдарды еске түсіретін театрландырылған қойылымымен басталды. «Халық жауы» деген жаламен жапа шеккен талай жанның шерменде өмірі мен талай жетім-жесірді бауырына тартқан қазақтың дархандығын бейнелейтін қойылым көрермендер көңілінен шықты.

taskala repressia (1)Басқосу барысында ауыл ақсақалы Ғалым Хисаметдинов сөз сөйлеп, жазықсыз атылғандардың ғұмырынан біраз дерек келтірді. «Ауданымыздан 32 адам ату жазасына кесілген болса, соның 12-сі осы аудан орталығында атылған», - деді Ғалым Ғаниұлы. Сонымен қатар күллі ұлттың кесапатына айналған репрессияның басталуының басты себепкері В.Ленин мен И.Сталин екенін де тілге тиек етті. Ардагердің ізін ала сөз сөйлеген аудан әкімі Санжар Әлиев саяси қуғынға ұшыраған жандардың ұрпақтарына тағзым етіп, келер ұрпаққа бейбіт күн тіледі. «Келер жылы аудан орталығынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш тақта орнатып, арнайы аллея салатын ойымыз бар», - деді аудан әкімі.

Шара соңында аудандық мешіттің бас имамы Айдын Ибрашев зұлмат жылдар турасында біраз естеліктер айтып, марқұмдардың аруағына құран бағыштады.

www.zhaikpress.kz

Рауан ТАҢАТЖАНҰЛЫ

Тасқала ауданы     

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале