18.05.2017, 16:51
Оқылды: 20

127 дана атыс қаруы тапсырылды

10 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған  атыс қаруларын сатып алу бойынша кезекті акция өтуде. 

Акция басынан ІІО-да 115 арыз келіп түсті, соның негізінде 127 дана атыс қаруы тапсырылды.

Жалпы БҚО ІІД үшін аталған акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен 8 млн 034 мың теңге бөлінді.

Бүгінгі күні тапсырылған қару және оқ-дәрілер шамамен 6 млн 575 мың 562 теңгені құрап отыр, оның ішінде қазіргі уақытта 43 материал бойынша жалпы сомасы 2 млн 287 мың 152 теңге ақшалай сыйақы берілді.

БҚО ІІД ӘПБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале