23.12.2015, 11:21
Оқылды: 25

Ескерткіш тақта орнатылды

 Bokei eskertkish takta   Хан ордасы ауылында Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім, Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері, ауданның Құрметті азаматы Ахметфайз Юсуфұлы Тажетдиновке ескерткіш тақтаның орнатылуы жұртшылықты елең еткізер жаңалық болды.


    Атақты жерлес, ағартушы-педагог, музейдің негізін қалаған Ахметфаиз Тажетдиновке арналған ескерткіш тақта жамылғысын сыпыру құрметі аудан әкімінің орынбасары Р.Зұлқашев пен осында көп жыл қызмет еткен, еңбек ардагері А.Хамзинге ұсынылды. Рүстем Мүлкайұлы өткізіліп отырған шараның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталса, музей кешені директоры Ғ.Махимов Ахметфаиз Юсуфұлының музейге сіңірген еңбегін жан-жақты әңгімелеп берді. Музей қызметкері Г.Мырзағалиева ардагердің өмір, еңбек жолына шолу жасады. А.Хамзин мен Б.Қожағалиев естеліктерімен бөлісті.

www.zhaikpress.kz

Бөкей ордасы ауданы

А.АҚМУРЗИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале