15.01.2016, 9:11
Оқылды: 44

Жаңақаладағы волейбол турнирі

2016-01-15 10.13.12Жаңақала колледжінің жүлдесі үшін ауыл жастары арасында волейболдан ашық турнир өтті.


Елбасының Жолдауын іске асыру, жастардың шеберлігін шыңдау және қысқы демалысқа шыққан студент жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында колледждің дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен өткен ашық турнирге Жаңақала ауылы мен ауылдық округтерден және Орал қаласынан 8 құрама команда қатысып, бақ сынасты.
Бірінен бірі асып түсетін мықты командалардың арасындағы турнирдің нәтижесінде үшінші орын үшін Жаңажол ауылдық округі командасы мен Орал қаласының командасы тартысты ойын өткізіп, 2:1 есебімен жаңажолдық жастар жеңіске жетті.

Ал турнирдің мықтылары күш сынасқан финалдық ойында Жаңақала колледжі командасы бірнеше дүркін аудан жеңімпаздары С.Меңдешев ауылдық округі командасын ұтып, жеңімпаздар кубогын иеленді.

Сондай-ақ ашық турнирдің «Ең үздік шабуылшысы» деп Б.Есіркепов танылса, «Ең үздік байланыстырушы» аталымы бойынша А.Хайнолла марапатталды. Ал «Ең үздік қорғаушы» атауы Жаңажол ауылдық округі командасының ойыншысы Е.Биғалиевке бұйырды.
Ашық турнирдің соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар, естелік сыйлықтар және Жаңақала колледжінің кубогы табысталды.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали ҒАББАС
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале