21.01.2016, 11:30
Оқылды: 22

Басты мақсат - қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту

Капаков"Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 90-нан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүруде. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамында этномәдени және діни бірлестіктердің басшылары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, оқу орындарының, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер бар. Облыс Ассамблеясы құрамында 125 мүшесі бар. Бүгінгі таңда облыстың 12 ауданында, ауылдық округтерде, сонымен қатар кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында 200-ден астам Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жұмыс істеуде. Аталған кеңестердің негізгі бағыттары – азаматтық принцип негізінде қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін азаматтық қоғам институттарын ұйыстыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу", - деді БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Хамидоллаұлы Қапақов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале