3.02.2016, 0:25
Оқылды: 19

Өңір басшысы Жәнібек ауданы әкімінің халық алдындағы есебіне қатысты

Janibek akim esebii02   Жәнібек аудандық мәдениет үйінде оздырылған аудан әкімінің қорытынды есебі бейнетүсірілім арқылы көрсетілгеннен соң аудан басшысы Мұрат Мұқаев қосымша баяндама жасады.

Жалпылай есептегенде 2012-2015 жылдар аралығында аудан шаруашылықтары барлығы 620 миллион теңге көлемінде демеуқаржы алған. Соның нәтижесінде аудан бойынша жалпы мал басы саны көбейіп отыр. Елбасының мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындап, тек 2015 жылдың ішінде Ресейге 5973 бас ірі қара немесе 592 тонна ет шығарылды. Бұрнағы жылмен салыстырмалы түрде айтсақ, экспортталған ірі қараның саны 4473 басқа немесе 372 тоннаға артты. 


«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен 18 млн. 214 мың теңге қаржы бөлініп, Ақоба, Борсы ауылдарына спорт алаңдары салынып, Қамыстыдағы бұрынғы мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл аталған бағдарламаға сай тағы да екі ауылдық округ орталығына спорт алаңдарын салу жоспарланып отыр.
Аудан әкімінің ел алдындағы қорытынды есептік кездесуінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өткен жыл еліміз тарихында даталы жылдар болғанын сөзіне сүйеніш ете отырып, биыл да Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 25 толатынын, соған орай Ұлт жоспарына сай іс-шаралар қабылданғанын, осы мақсатта тарихтың ақ таңдақ беттерін толықтыруға мүмкіндіктің мол екенін баяндап өтті.

Janibek akim esebii01

- Жәнібек ауданына балабақша салу мәселесі 3-4 жылдан бері мәселе етіп қойылып, бұл түйін шешілді. Бұған қуаныштымыз. Биыл ауданыңызға асфальт зауыты салынады. Соны пайдаланып, көше жолдарын жөндеуге 250 миллион теңге қаржының жайын шешуге тырысамыз. Сондай-ақ үстіміздегі жылы Тау ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу үшін 52 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Әрине, кемшін тұстар да бар. Жол қатынасы нашар, шалғай аудандарда екінші деңгейдегі банктер жұмысы кенжелеп қалуда. Қазір облыс бойынша Қазталов, Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарының орталықтарына асфальт жетпей жатыр. Облыста газдандыру мәселесі оң жолға қойылды. Облыс бойынша тұрғындардың 93 пайызы көгілдір отынды пайдалануда. Сіздердің аудандарыңызда бұл көрсеткіш 96,5 пайызды құрайды. Осындай бірлік пен ынтымақтастық танытып, жұмыла еңбек етсек алынбас қамал болмайды. Алдағы уақытта да Жәнібек ауданының жұртшылығы осы үрдістен шығады деп сенемін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.-деді, облыс әкімі.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале