8.02.2016, 11:23
Оқылды: 17

Кез келген қоғамның өкілі сыбайлас жемқорлықтың көрінісіне қарсы тұра білуі қажет.

00111

 «Жайық Пресс» медиахолдингінде «100 нақты қадам» – мемлекеттік қызметтің жаңа стандарттары» тақырыбында Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО бойынша филиалының кезекті брифингі өтті.


  Оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы және аталған департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы қатысты. Елбасының жарлығымен 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, тиісінше 2016 жылы облыстарда министрліктің аумақтық департаменттері құрылды. Бұл іс-шаралардың барлығы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынының бірінші институционалды реформасын жүзеге асыру аясында жүргізілуде.

 Брифинг қонақтары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдағы өзгерістерге, жаңа құрылымдардың қызметінен хабардар беріп, жергілікті БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

-Кез келген қоғамның өкілі сыбайлас жемқорлықтың көрінісіне қарсы тұра білуі қажет. Сыбайлас жемқорлық тек пара беру мен пара алудан тұрмайды. Қоғамда қалыптасқан осындай пікір бар.  Мысалға өзінің қызметін асыра пайдалану, сондай-ақ жұмысына салғырт қарау, сыбайлас жемқорлыққа алып келетін бірден-бір себеп болып табылады. Осылардың  алдын алу мақсатында, қзіргі заманның ағымына сәйкес, әлеуметтік желіге интернет ресурстарды қолдану негізінде  әрбір тұрғынға нормативтік құқықтарды айта отырып, олардың өздерінің құқықтарын түсіндіріп жатырмыз. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, кез-келген көріністердің алдын алуымыз қажет – дейді, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале