10.02.2016, 9:15
Оқылды: 30

Ел болашағы – жастардың қолында

Janibek jastar   Жәнібек ауданы әкімдігінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аудан әкімі Мұрат Мұқаев  ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізді. Мәдениет, спорт, мемлекеттік қызмет, денсаулық, білім беру, журналистика, кәсіпкерлік салаларында бетке ұстар жас мамандар бас қосқан жиында қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі, белсенділігі және тағы да басқа өзекті мәселелер сөз болды.


Кездесу барысында аудандық театр режиссері Әлішер Кенжеғалиев, аудандық орталық аурухананың анестезиологы Бірлес Ихсанов, Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі Ринат Мұқатов, жеке кәсіпкер Бауыржан Нығметов, «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің фототілшісі Арайлым Кесековалар жастар арасындағы жұмысты жандандыру хақында ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында аудан басшысы Мұрат Рахметұлы «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігіне ноутбук сыйға тартса, ел игілігі жолында аянбай тер төгіп жүрген бірқатар белсенді жастарға шағын сыйлық табыс етіп, еңбектеріне жетістік, қадамдарына сәттілік тіледі.

www.zhaikpress.kz

Данияр ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале