2.08.2017, 11:52
Оқылды: 29

15 күннің ішінде 14 адам терезеден құлады

Облыс бойынша  4500 кәмелетке толмаған жеткіншек жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.


6-21 шілде аралығында республика бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен 14 адам құлап, 3-еуі қаза тапқан. Зардап шеккендердің негізгі бөлігін (11) 2 мен 7 жас аралығындағы балалар құрайды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін:

- ашық терезе немесе балкон жиегіне баланы жақындатпаңыз;- терезе жабылып тұрған кезде де терезенің алдына балаларды шығармаңыз; - балаларға терезелерді жууға, перделерді ілуге рұқсат етпеңіз.

Батыс Қазақстан облысы

                                               Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале