1.03.2016, 16:07
Оқылды: 37

Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер Департаменті

БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА БАЙҚАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАРИЯЛАУ:

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер Департаменті, 090000, Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45, анықтама телефондары 8(711-2)  92-10-33, 98-42-87, 98-42-83, 98-42-86, 98-41-99, 98-41-40 бос лауазымдарға байқау жариялайды:

 

  1. Орал қаласы ішкі істер басқармасының, Теректі ауданының ішкі істер бөлімінің және Приурал полиция бөлімінің  тергеушісі (С-SVR-8 санатты, 1 бірліктен)

          Функциялық міндеттері: сотқа дейінгі материалдарды қарайды, қылмыстық істерді тергейді.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (юриспруденция, құқық қорғау қызметі), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. ІІД жанындағы жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы (С-SN-8 санатты, 1 бірлік)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, арнаулы орта біліммен де жіберіледі (юриспруденция, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 30-дан аспауы, бойы 175 см. кем болмауы тиіс, күрес және атыс түрлерінен спорттық, біліктілік разряды болуы қажет.

  1. Орал қаласы Ішкі істер басқармасы, Ақжайық, Бөкейордасы, Бөрлі, Зеленов, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімдерінің және Ақжайық, Жалпақтал, Приурал, Тайпақ полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8 санатты, 1 бірліктен)

          Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (юриспруденция, құқық қорғау қызметі), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. ІІД жол-патрульдік полициясы батальонының полицейі (С-SV-12 санатты, 5 бірлік)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім,  Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді, жол қозғалысы ережесін білуі, «В, С» санатты жүргізуші куәлігінің болуы және автокөлік жүргізе білуі қажет, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 25-тен аспауы, бойы 175 см. кем болмауы тиіс.

  1. Орал қаласы ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полициясы батальонының полицейі (С-SV-12 санатты, 5 бірлік)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім,  Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді, жол қозғалысы ережесін білуі, «В, С» санатты жүргізуші куәлігінің болуы және автокөлік жүргізе білуі қажет, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 25-тен аспауы, бойы 175 см. кем болмауы тиіс.

  1. Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік полициясы взводының полицейі (С-SV-12 санатты, 2 бірлік)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім,  Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді, жол қозғалысы ережесін білуі, «В, С» санатты жүргізуші куәлігінің болуы және автокөлік жүргізе білуі қажет, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 25-тен аспауы, бойы 175 см. кем болмауы тиіс.

 

Үміткерлер Батыс Қазақстан облысы ІІД-де Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ішкі істер органдары туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы ІІО қызметкерлерінің ар-намыс Кодексі бойынша тестілеуден өтеді және Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығына сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер тапсырады.

Конкурсқа қатысуға үміткерлер хабарландыру шыққан күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде ІІД Кадр жұмысы басқармасына келіп төмендегі құжаттарды тапсырулары қажет:

1) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, (нотариалдық тәртіппен куәландырылған);

2) еңбек кітапшасының көшірмесі, (нотариалдық тәртіппен куәландырылған);

3) әскери билет немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігі (нотариалдық тәртіппен куәландырылған);

4) соңғы жұмыс орнынан (оқудан) және әскери бөлімнен мінездемесі;

5) өлшемі 3х4 төрт фотосурет;

6) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің көшірмесі, (нотариалдық тәртіппен куәландырылған);

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі Комитетінің анықтамасы, сотталмағандығы жөнінде;

8) құжат тігілетін мұқаба – 1 дана.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале