3.03.2015, 11:58
Оқылды: 15

Саңлақ самбошылар АНЫҚТАЛДЫ

img_9654


Оралда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және «Динамо» спорт қоғамының 90 жылдығына орай самбодан ішкі істер органдары қызметкерлері арасында БҚО чемпионаты мәреге жетті.


БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жарысқа 17 команда құрамында 112 спортшы қатысып,  сегіз  салмақ  дәрежесі  бойынша  сынға  түсті.

Командалық есепте БҚО ішкі істер департаментінің  аппараты үздік шықса, Орал қалалық ішкі істер басқармасы – екінші, теректіліктер үшінші орынды иеленді.

Жекелей сында Ж. Әбуов (57 кг), А. Танкишев (62 кг), М. Кенжеғарин (68 кг), М. Бисенғалиев (74 кг), А. Ақнәжімов (82 кг), К. Ғұмар (90 кг), А. Кәрімғалиев (100 кг), С. Ерлан (100 кг-дан жоғары) жеңімпаз атанды.


Елжан ЕРАЛЫ

Суретті түсірген Т. ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале